Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Үзінді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін
ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылсын марқұм
НҰРҒАЛИЕВ Талғат Бырақпайұлы — Әуе қорғанысы күштері Әскери институты материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының аға маманы, кіші сержант.
- Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:
«Парасат» орденімен
ЖЕКЕЕВ Мәлік Наурызғалиұлы — «Геобазис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.
«Құрмет» орденімен
АХМЕТОВ Сақтапберген Айтбайұлы — Еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.
ӘБІЛЖАНОВ Серік Аманжолұлы — «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, Ақтөбе қаласы.
ӘЛІМОВ Қуантқан Мырзабекұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.
БЕРКІМБАЕВА Нұрсұлу Алтынбекқызы — Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы.
ГАЛЕЕВ Гумер Абдулвалиевич — Жергілікті соғысқа қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе қаласы.
ЕЛЕУСІЗОВ Қайырқожа Жұмағалиұлы — еңбек ардагері, «Теміржолсу-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.
КОГАЙ Александр Петрович — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.
ҚҰСАИНОВ Сағынай Бақытжанұлы — «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Ақтөбе қаласы.
МЫҢБАЕВ Рахым Төлегенұлы — Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы.
САҒЫМБАЕВ Серік Саматұлы — Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, Хромтау ауданы.
САТОВ Бақытжан Сейітқалиұлы — «Ақтөбе облысы Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ақтөбе қаласы.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
ӘБІШЕВ Нұрлыбек Кеңесұлы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» басқармасы электрмен жабдықтау цехының VI разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, Ақтөбе қаласы.
КАЛИНЧЕВ Юрий Васильевич — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинаты «Дөң» кеніші «Горный» учаскесінің экскаватор машинисі, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.
КОБЫЛКИН Олег Юрьевич — «Aqtobesu – energygroup» АҚ механик-жөндеушісі, Ақтөбе қаласы.
ҚОНАЕВ Ерболат Қорбанұлы — «Энергосистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ойыл электр желілері учаскесінің IV разрядты электромонтер-тракторшысы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.
«Ерлігі үшін» медалімен
ТАСҚЫМБАЕВ Роман Қалилулаұлы — Ауған соғысының ардагері, «Арнайы қызмет – Қандыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Мұғалжар ауданы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
АЙЖАН Жақсылық — «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері, Ақтөбе қаласы.
АҚЗАМОВ Бисенғалий Мұхлисұлы — Nur Otan партиясы Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Мәртөк ауданы.
АНИШОВ Жәнібек Анешұлы — «Тайбұрыл» шаруа қожалығының басшысы, Қобда ауданы.
АСҚАРОВ Ғайният Сүлейменұлы — Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, Мұғалжар ауданы.
АТЫРАУБАЕВ Болат Төлеубайұлы — «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» Мемлекеттік Коммуналдық Қазынашылық кәсіпорнының суретші-жаңғыртушысы, Ақтөбе қаласы.
ӘЛІПОВ Серік Амантайұлы — «ПромМаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ақтөбе қаласы.
БЕКЕНОВА Алмагүл Шұбайқызы — жеке кәсіпкер, Ақтөбе қаласы.
БОЛЫСОВ Қалинұр Қасықбайұлы — Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.
БОТАҒАРИН Серік Көшерұлы — «Ардагер» ҚБ төрағасы, Ақтөбе қаласы.
ДАБЫЛОВ Ақжол — «Бұлақ – Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Әйтеке би ауданы.
ЕЛЕУОВ Ғалымжан Алмасбекұлы — «ДАРУ МЕДИКАЛ ГРУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ақтөбе қаласы.
ЖАЙЛЫБАЙ Естай Жұмағазыұлы — «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры, Ақтөбе қаласы.
КОМЛЫК Владимир Александрович — «КТП-Транс» ЖШС-ның операторы, Ақтөбе қаласы.
ҚАЗБЕКОВ Руслан Сағындықұлы — «Қазхром» транс ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы-Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы.
ҚАЛДЫҒҰЛОВ Самат Рейұлы — «Реймқұл» шаруа қожалығының басшысы, Алға ауданы.
ҚАЛИ Әшім Шәріпұлы — «№2 Ақтөбе қаласының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушы оқытушысы, Ақтөбе қаласы.
ҚУАТБАЕВА Гүлмира Жадырасынқызы — «№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Шалқар ауданы.
НУГМАНОВ Амангелді Шайхоллаұлы — «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ақтөбе қаласы.
ЛЯШЕНКО Вадим Викторович — «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС электр цехының басшысы, Ақтөбе қаласы.
САТЕНОВ Итемген Молдағалиұлы — «Энергосистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ырғыз электр желілері учаскесінің басшысы, Ырғыз ауданы.
ХАМБАРОВ Руслан Геннадьевич — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласы.
ІЗБАСТИН Елман Сержанұлы — «Али-Жас и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Хромтау ауданы.
«Шапағат» медалімен
АЙБОСЫНОВА Күлжахан Нұрмағамбетқызы — «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бөлім меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.
АЛДАЖАРОВА Бейбіт Сақтапбергенқызы — «Ырғыз аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мейіргері, Ырғыз ауданы.
АНАФИЯЕВА Гүлсара Қайболлақызы — «Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Алға ауданы.
ЖАРЖАНОВ Берік Қуандықұлы — «Қарғалы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.
ҚАПАШЕВА Ляззат Кенжебекқызы — «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігері, Ақтөбе қаласы.
ҚОЖАҚОВА Найля Сәрсенғалиқызы — «№1 Бадамша орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Қарғалы ауданы.
КӨБЕЙСІНОВ Серік Орысбайұлы — «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мейіргері, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.
НҰРАЛИНА Марал Серікқызы — «Д.А.Р.» волонтерлік клубының директоры, Ақтөбе қаласы.
ІЗІМОВ Мырзабек Серғазыұлы — волонтер, қоғам белсендісі, Ақтөбе қаласы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
БАЙМАҒАНБЕТОВА Аққаным Төлегенқызы — «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіші қызметкері, Ақтөбе қаласы.
БИСАЛИЕВА Гүлсара Абрикқызы — «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға мейіргері, Ақтөбе қаласы.
БОРАНБАЕВ Бауыржан Сайдоллаұлы — «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы патрульдік автомобиль жүргізушісі, Ақтөбе қаласы.
ЕШІМҚҰЛОВА Набира Қожабайқызы — «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры, Темір ауданы.
ЖҰМАБАЕВ Арыстанбек Сандыбайұлы — «GRANTADAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ақтөбе қаласы.
ҚҰРМАНҒАЗИН Есімхан Ақнаурызұлы — Бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы, Ақтөбе қаласы.
ҚҰРМАНҒАЗИН Жаңатілеу Базарбайұлы — «Ақтөбе Жылу Электр орталығы» акционерлік қоғамы қазандық цехының аға машинисі, Ақтөбе қаласы.
ҚЫДЫРБАЕВА Жанат Хайроллақызы — Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, Ақтөбе қаласы.
- 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 желтоқсан.
№461